ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы – талапкерлерге үлкен мүмкіндікке жол ашатын ұжым
Біздің университет үшін ағымдағы оқу жылы өте табысты болды:
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемнің ең үздік 150 университеттің қатарына енді. «Төрт жұлдыз» үстемдік белгісіне ие болған ҚазҰУ – Қазақстан мен Орта Азия елдерінің ішінде және әлемдегі бар Түркі елдері академиясының ең үздік оқу орны.
Шетелдік қандастарға, қазақ жастарына атамекенге оралып, ана тілінде білім алып, алға қойған мақсаттарыңызды жүзеге асырғысы келген, ҚазҰУ-ды таңдаса үлкен мүмкіндікке ие болады. Біздің университет, кафедра туралы толық ақпаратты ҚазҰУ-дың сайтынан www.kaznu.kz және мына байланыс телефондары бойынша біле алады . Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2020 жылға дейін БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының ғаламдық хабына жетекшілік етті болды. Бұл шешім біздің университеттің тұрақты даму саласындағы басшылық қызметінің табыстары мен нәтижесінің негізінде қабылданды.
Шетел азаматтарына арналған дайындық факультеті – үлкен де тату ұжым. Факультеттегі 9-10 ай оқу кезінде тыңдаушылар тек бір-бірімен танысып, достасып қана қоймай, әсем табиғатымен, қонақжайлылығымен өзгені өзіне баурап алатын Қазақстан мен университетке әбден бауыр басып қалады.
Дайындық факультетіне шетелдік жастар қандай мақсатпен, не үшін келеді? Әрине, қазақ немесе орыс тілдерін, кейде екі тілді қатар үйренуге , сонымен бірге қазақстандық ЖОО-ларға оқуға түсу үшін дайындалуға келеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми Кеңесінің 27.02.2009 жылғы № 4 шешімімен 10.02.2009 жылғы ректордың № 20 бұйрығына сәйкес кафедра өз жұмысын жаңа бағытта бастады. Кафедрада оқу-әдістемелік бюро және эдвайзерлік кеңес жұмыс істейді. Негізгі мақсат – кешенді тестілеуге дайындау. Оқу үдерісінде З негізгі пән: Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және тыңдаушылардың таңдаған мамандықтарына сәйкес физика, химия, биология, география, жалпы тарих, қазақ әдебиеті, т.б. пәндер оқытылады.
Олардың осы мақсат-мүдделеріне қол жеткізу үшін факультет оқытушылары қажетті білім берумен қатар, біздің университеттің кез келген факультетіне оқуға түсуге мүмкіндік беретін, тілдік және әлеуметтік жағдайға бейімдейтін, көп ұлттар мекен ететін Қазақстанның мәдениетімен, тарихымен, салт-санасымен, әдеп-ғұрпымен таныстыратын арнайы бағдарламалар жасаған және курстар бар. Компьютерлық сыныптарда, интербелсенді тақталы дәрісханаларда қазіргі заманауи компьютер бағдарламаларымен жұмыс істеуге, лингофон кабинетінде тыңдалым бойынша тіл ұстарту сабағын өткізуге, ал шағын бейнезалда оқу үдерісіне қатысты бейнефильмдерді көруге және «Радио және теледидар тілі» курсы бойынша жаттығу, білім дағдыларын бекіту жұмыстарын ұйымдастыра алады. Курстардың академиялылығы мен олардың қол жеткмділігі көптеген сшетелдіктердің қызығушылығын оятып, құлшынысын арттырады. Факультет оқытушылары тыңдаушылардыАлматының және біздің университет мұражайларына апарып, дәстүрден тыс мәдени-танымдық қызықты сабақтар мен тарихи жәдігерлерге толы Қазақ елінің рухани байлығымен, ұлттық құндылықтарымен кеңінен танысуға, зерделеуге үлкен мүмкіндік беретін саяхаттар, жорықтар ұйымдастырады. Ұстаздар тыңдаушылармен тығыз байланыста: оқу жылының ағымы бойында сабақта да, сабақтан тыс уақытта да өз шәкірттеріне көмектесуге әрқашан даяр тұрады. Шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінде жыл сайын студенттер тарих, география, аймақтану, әдебиет пәндері бойынша баяндама жасайтын ғылыми-практикалық конференциялар өткізіліп тұрады.
2001 жылдан бері шет елдердегі қазақ диаспорасы өкілдерін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуге дайындап, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу мәселесін жүзеге асырып келген кафедра ұжымы 2010 жылдан бастап Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан және Ауғанстан Республикасының білім беру саласындағы өзара ынтымақтастық туралы келісім негізінде АИР тыңдаушыларына да мемлекеттік бағдарлама бойынша білім беруде.
Біздің университетте орталықтандырылған бірегей қызмет көрсету «Керемет» орталығы бар. «Кереметте» оқу-өндірістік үдеріске және студенттік кезеңдегі уақытша тіркеуге, қажетті медициналық көмек пен тексерілуге қатысты барлық құжаттарды ресімдей аласыздар.
Қазақтың қара шаңырағы атанған ҚазҰУ – жоспарларын орындалуына мүмкіндік беретін, үлкен табыстарға бастайтын, жарқын болашаққа жол ашатын бірегей оқу ордасы.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұстаздары Наралиева Р.Т., Амангелдіқызы Н., Бегалиева А.К.