Университетімізде ашылған биоконверсия зертханасы
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
аға оқытушылары: Үсенбекова А.Е,
Ахметова Ж.Ш
Буланова Т.М
Қазақстанның оңтүстік астанасы – Алматы қаласында орналасқан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті https://farabi.university/ Орта Азиядаға ең ірі білім және ғылым орталығы болып табылады. Университетте қазіргі таңда 16 факультет жұмыс істейді. Соның бірі биология және биотехнология факультеті. Бұл факультетпен тығыз байланыста болып елімізде биология ғылымының дамуына зор үлес қосқан, отандық ғылымды дамытқан көптеген аға буын ғалымдар еңбек еткен: Ә.Есенжолов, А.Жандеркин, И.С.Бутарин, И.О.Байтулин, М.Х.Шығаева, т.б. Университетіміз замауи талаптарға сай күн сайын дамып келеді, еліміздегі үлкен ғылыми орталыққа айналғандығы соның айғағы. Жақын уақытта университетте «ҚазҰУ – ХUST биоконверсия бойынша бірлескен зертханасы» салтанатты түрде ашылды. Сиань ғылым және технологиялар университетімен үлкен жаңа ғылыми орталық құрылды. Бұл орталық университеттің тұңғыш ашылған факультеттерінің бірі – биология және биотехнология факультеті қабырғасында жұмыс атқарады. Сиань мен ҚазҰУ – дің бірлескен зертханасында көмірді күкірттен биоәдіс арқылы тазарту, биометан алу, сонымен қатар, экожүйелерді қалпына келтіру бағыттарында жұмыс істейтіндігін ҚазҰУ – дің Басқарма Төрағасы – Ректор Ж.Қ. Түймебаев атап өтті. Бұл зертханада биоконверсияны зерттейтін микробиологиялық, молекулалық – генетикалық, биохимиялық және химиялық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Елімізде жаратылыстану бағытындағы ғылымдардың дамуына зертхананың зор үлес қосары сөзсіз. «Университетіміз қанатың кеңге жая берсін!» – демекпіз.