ҚазҰУ – дағы ауқымды ынтымақтастық
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
аға оқытушылары: Үсенбекова Айнагүл Ермекбаевна,
Шарыпқазы Нұртәліп,
Нұртілеуова Сандуғаш Рафикқызы
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті халықаралық ғылыми білім беру кеңістігіндегі өз орнын нығайтып, шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып келе жатқан еліміздегі жетекті оқу орны. Бұл университет 50 мемлекеттің жоғары оқу орындарымен, сондай – ақ, халықаралық ұйымдарымен 500 – ден астам келісім мен ынтымақтастық туралы меморандум жасасқан. Соның бірі – көршілес ел Өзбекстан. Қазақстан мен Өзбекстан республикалары арасындағы білім мен ғылым саласындағы байланыстарды тереңдетудің екі ел үшін берері мол. Осы бағыттағы маңызды кездесулердің бірі – университеттің Басқарма Төрағасы – Ректор Ж.Түймебаевтің Өзбекстандағы жоғары оқу орындарының басшыларымен келіссөздері. Осы кездесу барысында ғылыми – білім беру байланыстарын кеңейту, академиялық әріптестікті дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Ынтымақтастықтың қуантатын тұстарының бірі Бұхара мемлекеттік университетінің базасында «әл – Фараби» ғылыми – білім беру орталығын құру туралы келісімге қол қойылуы. Бұл орталық ұлы ойшыл, әлемнәі екінші ұстазы Әбу Насыр әл – Фарабидің мұрасын зерттеуге, бірлескен ғылыми – білім беру жобаларын дамытуға және екі ел арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Өзбекстанның жоғары білім беру саласындағы ғалымы Баходир Тураев ҚазҰУ – дің Орталық Азиядағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі екенін атап өтіп, академиялық және ғылыми байланыстарды одан әрі нығайтуға қызығушылығын білдірді. Сонымен қатар, ол студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми тағылымдамаларын ұйымдастыру, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және халықаралық жобаларды әске асыру мақсаттарныда ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін айтып өтті. Бұл ынтымақтастық ортақ тарихи мәдени құндылықтар мен ғылым білім саласындағы екі ел университеттері арасындағы байланыстың нығая түсетінін көрсетеді.