ҚазҰУ да өткен халықаралық көшбасшылық дәрістер мен шеберлік сабақтары
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті https://farabi.university/ еліміздің ең ірі білім және ғылым орталығы болып табылады. Университетте үстіміздегі жылдың 13 – 14 қараша күндері Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде «Халықаралық көшбасшылық дәрістер мен шеберлік сабақтары» атты іс шара өтті.
Аталған іс шараның негізгі мақсаты жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, оқытушылардың кәсібіи біліктілігін арттыру, замануи білім беру тәжірибелерімен алмасу және мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамыту.
Халықаралық басқосуға әл – Фараби атындағы ҚазҰУ профессор -оқытушылар құрамы мен Өзбекстан мемлекенттік әлем тілдері университетітінің профессор – оқытушылары қатысты. Бұл кездесу екі жақты оқу орны арасындағы академиялық байланыстарды дамытуға және білім беру саласындағы тәжірибе алмасуға бағытталған маңызды алаң болды. 13 қараша күні іс шараның ашылу салтанаты өтіп, қатысушылар таныстырылды. Жиынды кафедра меңгерушісі Тилеужанова Г.Т жүргізді. Факультет деканы Бектанов А.А құттықтау сөз сөйлеп, халықаралық ынтымақтастықтың маңызына тоқталды. Инженер студенттердің шет тіліндегі кәсіби қарым қатынасын оқытуда мәдениетаралық құзыреттілікті дамыту мәселесі талқыланды. Бұл тақырыпта DSc Исраилова Д.М баяндама жасады. Сонымен қатар, парамедицина саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау жүйесін жетілдірудегі ағылшын тілін оқытудың әдістемелік негіздері қарастырылды. Бұл бағытта доцент, DSc Яшибаева Г.О өз тәжірибесімен бөлісті. Доцент, PhD Нишонбекова С.У сөйлеу дағдыларын жетілдіруге арналған сұрақтардың жеті түрін таныстырып, ағылшын тілінде еркін сөйлеу қабілетін дамыту жолдарын айтып өтті. Қатысушылар арасында сұрақ – жауап, пікір алмасу және естелік суретке түсу рәсімі өтті. Бұл кездесулер халықаралық әріптестердің өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді. Кафедра басшылары мен оқытушылары кездесудің нәтижесін қорытындылап, қатысушыларға алғыс білдіріп, университет атынан естелік сыйлықтар тапсырды.
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
аға оқытушылары: Үсенбекова А.Е, Жұмаділ Г, Амангелді Н.