Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым!
Бүгінгі таңда еліміз тәуелсіздік алғалы 30 жылдан асты. Осы Ұлы жеңістің, жетістіктің арқасында, 30 жыл ішінде – биік шыңдарды бағындырып, біраз жаңалықтар, жетістіктер, жеңістер, еңбектер атқарылды. Ең қомақтылары – өз шекарамыз бекітіліп, Ата заңымыз, кең байтақ жеріміз, жаңа Астанамыз бар Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дініміз бен ділімізді қайта оралттық. Мемлекеттігіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық. Егемен дамудың 25 жылы ішінде Қазақстан әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына енді, Стратегия – 2030-ды мерзімінен бұрын іске асырды, Стратегия – 2050, “100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі мемлекет” Ұлт жоспарын жүзеге асыра бастады. Бүгін Қазақстан – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің арасында жаңғырған өзгерістердің көшбасшысы. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы төрағалық, Астана саммиті, Ислам ынтымақтастық ұйымындағы, Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестегі, Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық – бұл Қазақстанның жүргізіп жатқан саясатының арқасында қол жеткізілген үздік жетістіктер.Сондықтан да, біз үшін Тәуелсіздіктің 30 жылғы кезеңі ел тарихындағы ерекше кезең. Әлемде қаншама елде тәуелсіздігі жоқ яки енді алып жатыр. Ал бізге 30 жыл. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдады. Қазақстан тұңғыш рет халықаралық қауымдастық мойындаған, құқықтық рәсімделген тәуелсіз мемлекет мәртебесін алды. Бұл тарихи оқиға – қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы мен үмітінің орындалу нәтижесі. Жыл сайынғы ел Президентіміздің халыққа арналған жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды.Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн — Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұқанова, Ләззат Асанова сынды апа – ағаларымыз ерлік көрсетті. Әр халықтың тарихында өшпес із қалдырған, аңыз ретінде айтылып жүретін, ұрпақтан – ұрпаққа танылған, өмірі мен үлгі өнеге – болатын абзал адамдар болған және бола бермек. Дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз. Сол бір 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында қазақтың қазақтығын сақтап қалу үшін, біздің тәуелсіз ел болып, ата – бабадан аманат болып қалған өз жерімізді өзіміз басқаруымыз үшін қан төгіп, жазықсыз жазаланған, кеудесіне қазақ деген ұлттың намысы ата қанымен, ана сүтімен келген қыршын жастар Қазақстан тәуелсіздігін аламыз деп қасық қанын қиған жоқ па еді?! Сол күндер қазір алыстап кеткенімен, отты жылдардың жарықшағы қалған жүректер әлі де бар арамызда. Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің бірден – бір себебі болған – Желтоқсан оқиғасы. Тек сол жылдардың тақсіретін тартпай, бейбіт күнде өмірге келген жастар сол жылдарды бағалай білсе игі. Біз тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді, аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі болашақ ұрпақ – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің ертеңі екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу. Мен осындай бейбіт және тату елде тұрып жатқанымды мақтан тұтамыз. Мен – егеменді елімнің ертеңімін. Мен де тәуелсіздік елімнің табысына мақтана отырып, ортақ мақсатқа бір кісідей жұмыла түсуім, менің болашақтағы міндетті парызым. «Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін!» – деп өршіл ақын Мағжан Жұмабаев атамыз болашаққа, жастарға үлкен сенім артты емес пе? Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпайды, керісінше, қуанады, ендеше, келешегім нұрлы болмақ. Болашақта Қазақстанды дамыған өркениетті отыз елдің қатарына енгізетін – ол бүгінгі біздер жастармыз. Біз жастар – елдің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу, ел ертеңі бүгінгі және келешек ұрпақ үшін ортақ отанымызды дамыту мен көркейту – біздің мүдделі мұратымыз. Міне, бүгінгі күнде еліміз бақытты күн кешуде. «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп атауымыздың астарында үлкен мән бар. Елбасымыздың «Қазақстан-2050» стратегиялық жолдауы осынау мәңгілік жолдағы ұрпақтар бірлігінің, сабақтастығының көрінісі www.kaznu. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – қасиетті Қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. Мың жаса тәуелсіз Қазақ Елі! Тәуелсіз елім-гүлденіп, өсе бер!-деп тілейміз.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шет тілдері кафедрасының оқытушысы:
Мурзатаева Айгерим Толеутаевна
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары: Саткенова Ж.Б., Дауытова Ж.Қ., Мужигова Г.М.