Халық өнерпаздары байқауының жеңімпаздары 1 шілде күні анықталады
ХАЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАРЫ БАЙҚАУЫНЫҢ НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:
1.1. Ел арасында ұмытылып бара жатқан халық ән, күйлерін қайта жаңғыртып, көпшіліктің назарына ұсыну;
1.2. Ел арасындағы дарынды азаматтарды анықтап, насихаттау.
2. БАЙҚАУДЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ:
2.1. Байқауға кәмелет жасына толған азаматтар қатысады.
ЕСКЕРТУ: Байқау ел арасындағы дарынды өнерпаздарды іздеу, анықтау, насихаттауға бағытталғандықтан аймақтық Музыкалық драма театры, сұмындардың Мәдениет орталықтарында жұмыстайтын кәсіби әншілер мен күйшілер қатыса алмайды.
3. БАЙҚАУДЫҢ ШАРТТАРЫ:
3.1. Халық және дәстүрлі ән аталымы. Бұл аталымға азаматтар Моңғолия қазақтарының халық әндері, дәстүрлі әндерін нақышына келтіріп орындайды.
3.2. Күй аталымы. Моңғолия қазақтарының күйлері мен әуендерін домбыра, қобыз, сыбызғы, сырнай, т.б. ұлт аспаптарының сүйемелдеуімен орындайды.
3.3. Жыршы. Моңғолия қазақтарының батырлық, тарихи, ғашықтық жырларын мақаммен орындау.
3.4. Таңдалып алынған туынды халық арасында көмескіленіп, ұмыт болып бара жатқан ән, күй, жыр болуы шарт.
3.5. Қатысушы орындаған ән, немесе күй, жырын видеоға түсіріп, фейсбук әлеуметтік желісіндегі “Моңғолия қазақтарының тілі мен мәдениетін қолдау одағы” парақшасына, немесе til.madeniet@gmail.com электронды поштасына жолдайды.
3.5. Бейнежазба сапалы, бейне және дыбыс айқын, жақыннан түсірілген болуы керек.
3.6. Ән, күйдің көлемі 6 минут, жыр 10 минуттан аспауы шарт.
3.7. Орындаушы орындайтын туындысын қысқаша таныстыру қажет.
4.ТУЫНДЫ ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ:
4.1. Қатысушылардың туындылары 2022 жылдың 25 мамырынан 2022 жылдың 20 маусымына дейін қабылданады.
4.2. Қабылданған туындылар 2022 жылдың 20 маусымынан 2022 жылдың 28 маусымы аралығында фейсбук әлеуметтік желісіндегі “Моңғолия қазақтарының тілі мен мәдениетін қолдау одағы” парақшасына қойылып, көпшіліктің талқылауы мен қолдауына ұсынылады.
5.ТУЫНДЫЛАРДЫ СЫНАЛТУ
5.1. Қабылданған туындыларды ұйымдастыру комиссиясынан тағайындаған кәсіби мамандардан құралған төрешілер сыналтып, қорытындысын 2022 жылдың 1 шілдесінде жариялайды.
5.2. Туынды сыналту талаптары:
1.Орындаушының шеберлігі – 30 ұпай;
2.Таңдап алынған туындының байқау шартына сайлығы – 20 ұпай;
3.Таңдап алынған туындының мазмұны – 20 ұпай;
4 Видеоның сапасы /бейне, дауыс анықтығы/ – 20 ұпай;
5 Әлеуметтік желіге қойылған туындыны ұнатушылар /лайк/ саны – 10 ұпай.
6. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ
6.1. Ән, күй аталымының жүлдегерлері /әр аталым жеке-жеке/ ақшалай сыйлық, марапат куәлігі, демеушілердің сыйлықтарымен марапатталады. Мұнда:
1-орын. 300,000 төгрөг, марапат куәлігі /1адам/;
2-орын. 200,000 төгрөг, марапат куәлігі /1 адам/;
3-орын. 100,000 төгрөг, марапат куәлігі /2 адам/;
Арнайы жүлде. Ақшалай сыйлық, марапат куәлігі /2 адам/.
6.2. Жыршы аталымына қатысушылар үшін:
1-орын. 150,000 төгрөг, марапат куәлігі /1 адам/;
2-орын. 100,000 төгрөг, марапат куәлігі /1 адам/;
3-орын. 50,000 төгрөг, марапат куәлігі /1 адам/;
6.3. Байқау жүлдегерлері арнайы дайындықтан өтіп, 2022 жылдың желтоқсан айында Моңғолия қазақтарының тілі мен мәдениетін қолдау одағының 1 жылдық есеп беру іс-шарасында өз өнерлерін көрсетіп, көпшілікке насихатталатын болады.
Анықтама телефоны: 99429596, 99429897
ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ