Қазақ Ұлттық университетіндегі жаңалық
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
аға оқытушылары: Үсенбекова А.Е,
Әділханова Ж.С.
Қазақстанның жетекші университеті әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті https://farabi.university/ ғылыми орталықтары бар оқу орны ретінде өзін бірнеше рет дәлелдеді.Университетте түрлі мамандар даярлайтын факультеттер ғасырға жақын уақыттан бері жұмысын атқаруда.
Биология факультеті биология мамандығы және биотехнология мамандықтарын даярласа, Шығыстану факультеті түрлі шет тілдерін меңгертумен беделді орын алады, түркология, араб тілі және корейтану ғылыми зерттеу орталықтары, үндітану, қытайтану, ирантану, жапонтану ресурстық – ақпараттық орталықтары жұмыс істейді. Журналистика факультеті университет ашылған жылдан бастау алады, содан бері құрамында баспасөз және электронды БАҚ жұмыс істеп тұрған жетекші факультетттердің бірі. Аталған факультеттерден басқа да мамандан даярлайтын көптеген факультеттер жас мамандарды қажырлы еңбек етіп жыл сайын түлектерін ұшыруда.
Осы жылы университетіміздің базасында Орталық Азиядағы алғашқы Ми институты(Brain institute) ашылды. Ол 2018 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Когнитивтік нейроғылым орталығының негізінде құүрылды.
Жаңа ғылыми орталық адам миының жұмысын зерттеуге, замануи нейротехнологияларды дамытуға және осы саладағы мамандарды даярлауға мүмкіндік бермек. Институтта ми қызметін зерттеуге арналған ең озық құрал жабдықтар орнатылған. Мұнда ғалымдар магниттік резонансты томография, электротомография және жасанды интеллект технологияларын пайдаланып ғылыми зерттеулер жүргізеді. Мамандар адамның есте сақтау, ойлау, шешім қабылдау сияқты қабілетін зерттей алмақ. Сонымен қатар, жүйке жүйесі ауруларын ерте анықтауға арналған жаңа әәдістерді де әзірлейді. Ғалымдардың айтуынша бұл институт елдегі нейро ғылымының дамуына серпін беріп халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашады. Ми институтында биология, психология, компьютерлік ғылым, нейро ғылым, лингвистика саласында зерттеу жүргізетін ғалымдар бірігіп үлкен жобалар жүргізуде. Жалпы адамдарға көмек ретінде де қолданбалы зерттеулер жүргізіп жатыр. Ми институтының ресми парақшасы: «ҚазҰУ Ми институты»
Университетіміздің ЖОО ға дейінгі білім беру факультетінің ЖОО ға дейінгі дайындық кафедрасында білім алушы қандас жастар болашақта еліміздің осы Ми институтында қызмет ететін ғалымдар қатарында болуы әбден ықтимал. Білімді жастарымыз көбейе берсін, еліміздегі ғылым дами берсін.