Ресей еліндегі Моңғолия елшілігі ескерту жасады
Ресей елінің Иркутск қаласындағы зерттеу академиясының лаборанты айдың 2-і күні өкпе қабынуы деген диагнозбен қайтыс болған. Бұл азамат обаның өкпе түрі болуы мүмкін деген ақпараттар таралуда. Осыған байланысты елімізден Ресей елінде отырған елшіліктен төмендегідей ескертулер жасалды:
Ресейде сондай-ақ, ауру ошағы болып саналатын Иркутск аумағында оқумен, саяхаттап, сауда саттықпен, немесе денсаулығын тексертіп жүрген еліміз азаматтары сапар барысында қандай бір ауру белгілері байқалса, дереу ең жақын ауруханаға жүгіну қажет. Сондай-ақ 103 және 112 телефондарына хабарласып, жедел жәрдемге жүгінуге болады. Сонымен қатар Ресей елінде құқықтық, денсаулық жағдайына байланысты қандай бір мәселе туындаса Монгол елінің консулдарына жүгінулеріңізе болады. Еліміздің консулдығы Москва, Қызыл, Иркутс, Улаан-Үд қалаларында орналасқан. Москвадағы Моңғол елінің консулының байланыс номері +7 499 241 15 48. Ал, Иркутс қаласында орналасқан Консулдың байланыс номері: +7(395) 2342145