Көмір экспорты молайды
Еліміздің көмір экспорты осы жылдың алғашқы екі айында артқандығы туралы еліміздің Экономика және даму министрлігі хабарлады.
Нақтырақ айтсақ, қаңтар айында 10 миллион тонна көмір экспортталған. Бұл өткен жылдың осы мерзіміндегі 5.8 миллион тоннамен салыстырғанда 73 пайызға артық және күніне орта есеппен 326 мың тонна көмір экспортталған.
Ақпан айында 6.4 миллион тонна көмір экспортталды, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі 5.7 миллион тоннамен салыстырғанда 11 пайызға артқан. Аталған айда еліміз бен ҚХР-дың Цагаан сар мерекесіндегі демалыс күндерінің тұспа-тұс келуі, бұл айдағы күн санының салыстырмалы түрде аз болуы сияқты факторлардың әсерінен экспорт көлемі белгілі бір деңгейде азайғанымен, демалыс күндерін есепке алмағанда күніне орта есеппен 320 мың тонна көмір экспортталды. Наурыз айының онына дейін 3 миллион тонна көмір экспортталған. Бұл өткен жылдың осы мерзіміндегі 1.3 миллион тоннамен салыстырғанда 2.6 есе артқан көрсеткіш және күніне орта есеппен 330 мың тонна көмір экспортталуда.