Моңғолияның эко жүйесіне қауіп төнуде
Көпшілікті елең еткізген Монғолияның шөлейттену апаты туралы Германияның ынтымақтастық қоғамының аға кеңесшісі, биолог, ландшафт экологы Торстен Хардер “Монғолия экожүйесінде туындап отырған апаттың қаупі” тақырыбында баяндама жасады.
Енді назарларыңызға Торстен Хардердің “Моңғолия экожүйесіне төнген жойылу қаупі” тақырыбындағы баяндамадағы маңызды дәйектерді ұсынамыз.
Мәңгі мұздықтар болмаған жағдайда Моңғолияда орман болмайтын еді. Жаңбыр жаумай жатқан кезде орманды орман күйінде сақтап қалатын нәрсе – мәңгі мұздықтар. Ауа райының жаппай өзгерісіне сәйкес, осы мұздықтар еріп бастады. Егер мәңгі мұздықтар жойылса, аталмыш елдегі орман түгелімен жойылады.
Біз Монғол елінің орманды аймағының соңғы кезеңін көріп отырмыз. Монғол елінің мәңгі мұздығының 50 пайызы соңғы 40 жылда еріп кеткен. Егер бұл жалғаса берсе, және бұл жылдамдықпен жүрсе, 2040 жылға қарай Монғолияның орманының 50 пайызы құрдымға кетеді деген сөз. Миллиардтан астам ағаш жоғалуы мүмкін.
Бір шаршы метрге бес түрлі өсімдік шығып жатыр. Моңғолияның 259 сұмынында жайылымдық жүктеме асып кеткен. Алты жыл бұрынғыдан 30 миллионнан астам мал өсті. 50 жыл бұрын, яғни 1940-1970 жылдары бір шаршы метрде 20 түрлі өсімдік өсетін, ал қазір бір шаршы метрде бес түрлі бір жылдық “қоқыс” өсімдік өсіп жатыр.
Еттің сапасы айтарлықтай төмендеп жатыр. Қашықтан қарағанда, жасыл әрі әдемі өсімдіктер бар сияқты, бірақ малға жем болып, негізінен мал тамақтанбайтын өсімдіктер. Соның нәтижесінде мал етінің сапасы айтарлықтай төмендеуде.
Өзен көлдердің сулары лайлануда. Бір сөзбен айтқанда топырақ сумен жуылып, жойылып жатыр деген сөз. Өсімдіктердің құрамына өзгерістер енгендіктен топырақ босап, салдарынан жауын суымен өзен көлдерге лай су құйылып, нәтижесінде құнарлы топырақтан айырылып жатырмыз.
Моңғолия үлкен апатқа қарай бара жатыр. Моңғолия қайта қалпына келтіре алмайтынсуын қолдануды бастады деп байланысты органдарға айтқаныма, “Біз жер қыртысының бетінде мекен ететін су көзін таптық” деп айтты. Алайда, мен оларға Арал теңізінің жойылу тарихын айтып бердім. Арал теңізі Аму-Дарья өзенінің суы арқылы толып тұрған еді. Алайда сол кездегі ешқандай зерттеусіз жасалған шешімдердің салдарынан Арал теңізі құрғап кетті. Жергілікті тұрғындар, күріш және мақта егеміз деп егіншілік бағытта Аму-Дарияның суын бұрғандықтан Арал теңізі тартылды.
Арал теңізі 1977 жылы 1000 км³ көлемді суға ие болса, 2014 жылы 75 км³-ке дейін кішірейіп кетті. Зерттеушілер есептегенінен әлдеқайда тез кішірейіп отыр. Меніңше, Моңғолия Арал теңізімен салыстыруға болмайтын үлкен апатқа бет алып жатыр.
Моңғолияның жер аумағының 90 пайызында топырақ қалыптасу процесі тоқтаған. Сондай-ақ еліміздің топырағы әлсіз дамыған. Бүгінгі күні жер аумағының 90 пайызында топырақ қалыптасу процесі тоқтаған. Топырақтың тірі қабаты мыңдаған жылдар бойы қалыптаса алады. Топырақ жоғалса, қайтадан ешқашан қалыптаспайды.
Моңғол елінің табиғаты дәл сол реанимация бөлімінің науқасы секілді. Оны бір реттік “ауруды жеңілдету дәрісі” арқылы реанимациядан шығару мүмкін емес.
2030 жылды өткізіп алсақ, ешқандай мүмкіндік болмайды. Монғол халқына табиғатын қалпына келтіру мүмкіндігі бар, бірақ өте аз уақыт қалды. 2030 жылды өткізсе, ешқандай мүмкіндік болмайды. Ешқашан қалпына келтіре алмаймыз. Саяси шешім қабылдаушылар мен халық өз көзқарасын өзгертіп, өте тез өзгермесе, уақыт қалмады.
Мал саны 25 миллионға жеткен кезде экологиялық тепе-теңдік қалпына келу мүмкіндігі болады. Табиғатты қорғау үшін ең алғашқы қадам – мал санының басын азайту. Мал саны 25 миллионға, қой-ешкі саны 5 миллионға дейін күрт төмендетілуі қажет. Сонда ғана жерді қорғау мақсатында жайылымдарды қалпына келтіруге мүмкіндік болады. Өсімдіктерді басқару су ресурстарын басқаруының негізі болып табылады. Өсімдік болғанда су да болады. Ландшафта суды сақтау – мемлекеттің тұрағының мәселесі. Сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздік мәселесі.
Шөлде ағаш егу мәселесін қайта қарау керек. Екпелі орман терең суды қалыптастырмайды, біздің аса қажетті, қалпына келмейтін су резервтерін мәңгілікке пайдаланады. Биологиялық әртүрлілікті сақтау мен қорғауда әсер етпейді. Құрғақ аймақта жаңадан ағаш егу орынсыз. Қазіргі бар орманды күтім жасау әлдеқайда маңызды.
Егер қазіргі көзқарасымызды өзгертуге тырыспасақ, Монғолия Азияда бұрын-соңды болмаған апатқа душар болады. Климаттың өзгеруі, жайылымдардың тозуы экожүйенің маңызды қызметтерін жылдам әрі қатты бұзып жатыр. Табиғи байлықты асыра пайдалану бірден тоқтатылмаса, бірнеше жылдан кейін Монғолия Азияда бұрын-соңды болмаған апаттың қаупімен бетпе-бет келеді. Монғол жерінің болашағы осыншалықты бұлыңғыр, қауіп деңгейі жоғары. Біз үнсіз ғана отыра береміз бе?
деп баяндамасын аяқтаған еді.