Жүргізуші куәлігі тәркіленген адам мас күйінде көлік жүргізсе 2 700 000–14 000 000 төгрөг аралығында айыппұл салынады
Бір тәулік ішінде, яғни 2026 жылғы 4 қарашада көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, қайтадан мас күйінде көлік басқарған 7 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.
Көлік жүргізу құқығынан айырылған адам қайтадан мас күйінде көлік басқарған жағдайда, Қылмыстық кодекстің 27.10-бабына сәйкес: 2 700-ден 14 000 бірлікке дейін (2 700 000–14 000 000 төгрөг) айыппұл салу; 6 айдан 3 жылға дейін жүру құқығын шектеу; 6 айдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазалары қолданылады.
Полиция басқармасы жүргізушілерді жол қозғалысына қатысу кезінде жауапкершілік танытуға, жол жүру ережелерін сақтауға және алкогольдік ішімдік ішкен жағдайда көлік құралын басқармауға шақырады.