Бүгін мұражай күні
Бүгін аймақтық мұражайда ашық есік күндігі жүрілді. Жалпы үстіміздегі жылда аталмыш ұжым «Мұражай қызметінің тұрақтылығы және жақсы бастамалар» деген атпенен іс-қызметін жүргізуде. Халықаралық мұражай күніне орай көптеген іс-қызметтер атқарылған. Солардың бірі – қайырымдылық ұйымдары, денсаулық, мәдениет, спорт басқармаларымен, кітапхана, театр, мектеп балабақшалармен бірлесе отырып, әртүрлі әлеуметтік іс-шаралар ұйымдастырып, сайыстар жүргізумен қатар халыққа денсаулық даяшылығын көрсету қызметі де қатар атқарылды. Бүгінгі ұйымдастырылған ашық есік күндігіне жоғарыда аталған барлық ұжым-мекеменің басшылары мен қызметкерлері, оқушылар, аға буын өкілдері қатысты. Іс-шара барысында АӘІБасқармасының бастығы Мұхаммед Болайұлы сөз алып, мұражай күнімен құттықтады.
Бұдан соң мұражай директоры Айшагүл Азаматқызы бірігіп жұмыстаған ұйым-мекемелер мен азаматтарға алғысын білдіріп, марапаттар табыстады.
Бұл жолғы күндікке аймағымыздағы көптеген ұйым-мекемелермен бірге «Құсбегілер» одағы, «Nomadic expedition» туристік компаниясы, «ЭрчимБаян-Өлгий» компаниясы, «Цамбагарав-Өгөөж» компаниясы, «аймақтық мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналар одағы» қатарлы бейресми ұйымдар да бар. Мұражайдың тағы бір ерекшелігі – көрермен тарту. Бір сөзбен айтқанда аймағымыздағы мұражай – саяхатшылардың бірден бір ат басын тірейтін жері. Мұнда халқымыздың тарихы, ұлттық ерекшеліктері, өмір сүру салт-санасы бейнеленген. Осы мақсатта бірігіп жұмыстайтын, мұражай жұмысына әрдайым қолдау көрсетіп отыратын бірден-бір ұйым – аймақтық «Құсбегілер» одағы. “Одақ құрылғаннан бері біріге жұмыстаудамыз” дейді аталмыш одақтың атқарушы директоры Бұғыбайұлы Бекболат. Шара барысында ежелгі дәстүрлі ойлау қабілетін арттыратын кейбір ойын түрлерінен және кітап көрмелері, оқушылардың суретін әзірленген көрмелер ұйымдастырылды. Театр әртістері өнер көрсетіп, әнші Елік Жанұзаққызы әнмен шашу шашты. Цамбагаарав-Өгөөж компаниясы “Алтайн өв” бейресми ұйымының балаларына сыйлықтар табыстады.