МҰҚ мүшелері – Қ.Бәделхан, Б.Бейсендер аймағымызда жұмыстауда
МҰХ мүшелері Бәделхан Қабдісіләмұлы мен Бейсен Бұланұлы Бұғыты сұмын халқымен кездесті. Кездесуге МҰҚ мүшелерімен қатар АӘІБ-ның бастығы Мұхамед Болайұлы және сұмындық АӨҚ-ның төрағасы Аманқажы Қорынханұлы, сұмын әкімі Жамбыл Айтуғанұлы сондай-ақ Бұғыты сұмын тұрғындары мен малшылары қатысты. Бұл жолғы кездесудің мақсаты – Негізгі заңға өзгеріс енгізу, жаңадан заң қосымша бекіту жайлы үкіметімізден бағыт-бағдар бергенін тілге тиек етті.
Сонымен қатар МҰХ мүшесі Бейсен Бұланұлы, жанар-жағармайдың бағасының шарықтауына еліміз үкіметінен төтенше көңіл бөліп отырғанын, сол үшін екі елдің өз ара келісімге келетінін, тым болмаса үкіметімізден бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ететіні айтылды. Бұдан соң Бұғыты сұмын халқы әр түрлі пікірлерін ортаға салып, жауап алды. Онда зейнетақы айырмасы, шет мемлекетке емделуге қаржы мәселесі, жайлау-жайылым мәселелері, жер дауына байланысты сұмын басшыларына наразылықтары жайлы тоқталып өтті.
Кейбір тұрғындардың пікіріне жауап берген мәртебелі мүшелер, жергілікті жерде шешетін мәселелерге сұмын басшылары тиісті жауабын беру қажеттілігін ескертті. Ал, сұмын басшылары халық арасындағы жер дауы, басқа да мәселелерді жуық арада шешетіндерін жеткізді.