Баянзүрх ауданында аю үйге шабуылдап, салдарынан бір адам көз жұмды
Астанамыз Улаанбаатар қаласы және жеті аймақта аю аулауға байланысты 27 арнайы рұқсат берілді.
Қазанның 8-і күн Баянзүрх ауданында Улиастай маңындағы киіз үйге аю шабуыл жасап, бір адам қайтыс болып, енді бір адам ауыр жарақат алған. Осыған байланысты Баянзүрх ауданының төтенше комиссиясы жиын өткізіп, қауіпсіздік шараларын күшейтуде. Аюдың тұрғындар мен малға шабуылы әр жыл сайын тіркеліп келген. Мәселен 2018 жылы Улаанбаатар қаласының жасыл аумағынан екі рет шақырту келіп түссе, 2019 жылы бір рет аюға байланысты шақыру келіп түскен. Ал, биылғы жылы төтенше жағдайлар мен табиғат қорғау министрлігіне 28 рет шақырту келіп түскен. Бұл шақыртулардың 24-інде тұрғындар әртүрлі жағдайда аюдың шабуылына ұшыраған. Ал, жергілікті жерлерде аюдың кездесуі тіпті жиілеп кеткен. Аюдың ауыл маңына, отырықты жерлерде кездесуіне байланысты 754 мәлімет келіп түскен. Архангай аймағында 7, Баян-Өлгий аймағында 2, Булган аймағында 18, Дархан-Уул аймағында 110, Завханда 30, Хөвсгөлде 65, Увсда 10, Дорнодта 13, Хэнтийде 209, Төв аймағында 20, Сэлэнгэде 86 рет тұрғындардың мәлімдемесі тіркеліп отыр. Сондай-ақ 80-ге жуық қонжығын ерткен аналық аюлар тіркелген. Мемлекеттік Төтенше комиссияның шешімімен аналық аюлар мен қонжықтардан басқа аюларды аулау, санын азайту жұмыстары рет-ретімен жүзеге аспақ.