Сұлтан Тәукейұлы “Халық жазушысы” атанды
26 қараша – еліміз алғашқы негізгі заңын бекітіп, тәуелсіздігін жариялаған мереке қарсаңында Президент жарлығымен елімізге еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, МҰҚ мүшесі болған, жазушы, ғалым Сұлтан Тәукейұлына Моңғолия Халық жазушысы атағы берілді. Сұлтан Тәукейұлы бүгінге дейін көптеген тарихи роман, дастан, әңгіме, пьеса қатарлы әдебиет саласында қалам тербеп қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін халықаралық деңгейге көтеруге үлесін қосқан. Сондай-ақ «Моңғолдың құпия шежіресі» сияқты құнды мұралармен бірге «Моңғол халқының мақал мәтелдері», «Моңғолияның негізгі заңын» қазақ тіліне тәржімаласа, «Құран ілімі», «Ислам діні туралы негізгі мағұлматтар», «Абай Құнанбайұлының «Қара сөздерін» моңғол тіліне аударып оқырман қауымға ұсынған.