14-Маусым Бурхан ұстаздың туған күні
Әлемдегі будда дінін ұстанатын халықтар үшін бүгін ұлттық мереке ретінде тойланады. Бұл күні Бурхан ұстаз дүниеге келген. 37 жасында ағартушылық бағыттағы ұлы іске қадам басқан, 81 жасында пәни дүниеден бақилыққа аттанған тарихи күндері бүгінге дөп келіп отыр.Сондықтан да будда дінін ұстанатын халықтар әсіресе Азия мемлекеттерінің тұрғындары бұл күнді өздерінің наным сеніміне орай ерекше қастерлеп, мереке ретінде тойлауды дәстүрге айналдырған. БҰҰ-нан бұл күнді «Ынтымақ күні» ретінде атап өту туралы ұсыныс шығарған. Көптеген елдерде бұл күн жалпыхалықтық мереке – демалыс күні, ал кейбір елдер әртүрлі деңгейде атап өтеді.Бурхан ұстаздың кемелдену күнін елімізде демократиялық төңкеріс жеңгеннен кейін, яғни 1990 жылдан атап өте бастаған және 2020 жылдан бері жалпыхалықтық мереке-демалыс күніне айналдырған.Жалпы будда дінінің өкілдері жүздеген жылдар бойы осы кемелдену күнін атап өтіп келген болса 1950 жылы Шри-Ланка елінде ұйымдастырылған «Дүние жүзілік буддашылар одағының» алғашқы мәжілісінен дәл осы күнді «Бурхан ұстаздың ұлы кемелдену күні» ретінде атап өту туралы ресми түрде бекіткен болатын.Сондай-ақ осы мәжілісте «Балбаның мәртебелі махаража Весеканың ұлы кемелдену күнін мереке ретінде жариялаған тарихи шешіміне алғыс айтумен бірге жер жаһанда мойындалған ұлы ұстаз Будданың құрметіне кемелдену күнін жалпыхалықтық мереке ретінде атап өтуді аз немесе көп демей будда дінін ұстанатындар өмір сүретін барлық мемлекеттердің үкімет басшыларына үндейміз» делінген.
Ал БҰҰ 1999 жылдан өзінің бас ғимараты мен әлемнің көптеген елдеріндегі бөлімшелерінде кемелдену күнін атап өтуді әдетке айналдырған.Ұлы кемелдену күні ерекше маңызға ие. Тарихқа көз жіберер болсақ Моңғол жеріне Будда діні үш рет тараған екен.Моңғол халқының мәдениеті мен тарихы,тілі,салт-дәстүрімен сабақтас болып келетін бұл мерекені еліміз халқының атап өтуі әбден заңды. «Ізгілікке ізет етейік» деген ұран аясында өтетін мерекенің бас үйлестіруші, ұйымдастырушылары – Моңғолдың Будда діни орталығы Гандантэгчэнлин ғибадатханасы,Будда діні ілімі,дұрыс өмір сүру қағидасын насихаттайтын,оқытулар өткізетін бейресми ұйымдар мен орталықтар болып отыр.Ізгі ниеттің мерейлі мерекесі құтты болсын!