Монголияға келген Ресей азаматтары Монгол тілін үйренуде
Сыртқы істер министрлігінің алғашқы сегіз айының мәліметі бойынша Ресей елінен 56714 азамат келген. Ал, Қыркүйек айындағы Путиннің «Әскери міндетін атқарған 300000 адамды әскерге аламыз» деген мәлімдемесінен кейін, аталмыш елде дүрбелең басталып, Ресей елімен шекаралас Финляндия, Қазақстан, Монголия, Армения, Азербайжан, Түркия қатарлы елдерге ағылған босқындар саны көбейе бастаған. Аталмыш елдердің шекарасында ұзын-сонар кезекте тұрған Ресей азаматтары әр елдің халқын алаңдата бастаған. Осыған орай Финлияндия елі Ресейдің туристік визасы бар азаматтарын шекарадан асырмау туралы шаралар қолдана бастаған. Алайда, Монгол елі осы мәселеге байланысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Еліміздің «Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» заңының 27-бабының 4-тармағында «Еліміз азаматтарының 3 пайызына тең шетел азаматтары тұруға болады. Ал, бір ұлттың азаматтары 1 пайызына тең болу қажет» деп көрсетілген. Осы заңды негізге алатын болсақ Монгол елі 34000-дай Ресей азаматтарын тұрғызуға мүмкіндік береді деген сөз. Кейбір ТМД елдері әлі де орыс тілінде сөйлейтін болса, Монголия өз ана тілінде сөйлеп, ресми іс-қағаздар тек монгол тілінде жүргізіледі. Сондықтан да Монголияға келген Ресей азаматтары монгол тілін үйренуге мәжбүр болуда.