COP17 мәжілісінің мәні
COP17 яғни БҰҰ-ның Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясы (UNCCD) Тараптар конференциясының 17-сессиясы 2026 жылғы 17–28 тамызда еліміз астанасы Улаанбатырда өтті. Конференцияның басты тақырыбы — (Restoring Land, Restoring Hope) /Ресторинг ланд, ресторинг хоуп/ «Жерді қалпына келтіру. Үмітті жаңғырту».
UNCCD /Юу Эн СИ Си Ди/— шөлейттену, жердің тозуы және құрғақшылық мәселелеріне арналған БҰҰ-ның негізгі халықаралық келісімдерінің бірі. Конвенцияға 197 тарап — 196 мемлекет пен Еуропалық одақ қатысады. Бұл конференцияның маңызы қандай? Не үшін ұйымдастырылады дегенде қазіргі кезде жердің тозуы әлемнің көптеген аймақтарына әсер етіп, азық-түлік қауіпсіздігіне, су ресурстарына, халықтың тұрмысына және экономикалық тұрақтылыққа қауіп төндіріп отыр. Сондықтан COP17-нің негізгі мақсаты — елдердің жерді қалпына келтіру, құрғақшылыққа төзімділікті арттыру және жер ресурстарын тұрақты басқару жөніндегі нақты іс-қимылдарын күшейту. Конференцияда саяси шешімдерді нақты жобалар мен инвестицияларға айналдыруға ерекше көңіл бөлінді.
Бұл конференция еліктен Моңғолияда өктізілді деген сауал туындайды? Моңғолияның COP17-ні қабылдауының өзіндік маңызы бар. Елдің аумағы 1,56 миллион шаршы шақырым, ал UNCCD дерегіне сәйкес, оның шамамен 77 пайызы жердің деградациясына ұшыраған. Құрғақшылық, шөлейттену және қатал қыс ауылдағы мал шаруашылығына тікелей әсер етеді.
Сондықтан конференцияның Моңғолияда өтуі тек халықаралық іс-шара ғана емес, елдің өзіндегі жердің тозуы, жайылымдардың жағдайы, су тапшылығы және малшылардың тұрмысы сияқты мәселелерді әлемдік деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін маңызды алаң болды. Жайылымдар мен малшыларға ерекше назар COP17 БҰҰ жариялаған 2026 жылғы Халықаралық жайылымдар мен малшылар жылымен тұспа-тұс келді. Бұл Моңғолия үшін ерекше маңызды. Жайылымдар Жер құрлығының жартысынан астамын алып жатыр. Миллиондаған адамның күнкөріс көзі болып табылады. Сондықтан COP17 аясында жайылымдарды қалпына келтіру, тұрақты пайдалану, малшылардың тұрмысын қорғау және дәстүрлі білімді пайдалану мәселелері де талқыланды.
COP17-де қандай мәселелер қаралды дегенге келсек ең әуелі Конференцияның екі апталық бағдарламасында:
- Жерді қалпына келтіру;
- Су ресурстары және жер–су байланысы;
- Жайылымдар мен мал шаруашылығы;
- Шөлейттену және топырақтың құнарынан біржола айрылуы;
– Құрғақшылыққа төзімділік;
– Азық-түлік жүйелері мен топырақтың саулығы;
– Жерді қалпына келтіруге қаржы тарту;
– Ғылым, инновация және жаңа технологиялар;
– Жергілікті қауымдастықтар мен азаматтық қоғамның қатысуы сияқты мәселелер қамтылды.
Бұл мәселелер тек бір елде ғана емес жаппай құрлықтарға, әлемге төнген қатер деп қарастыруға болады. Климаттың жылынуы, мәңгілік мұздықтардың еруі салдарынан алда ірі апаттар орын алу мүмкіндігі жоғары.
Қысқаша айтқанда COP17 — жай ғана экологиялық конференция емес. Оның негізгі мәселелері жер, су, азық-түлік, мал шаруашылығы, ауыл халқының тұрмысы және экономикалық тұрақтылықпен тікелей байланысты. Моңғолияның конференцияны өткізуі елге шөлейттену мен жердің тозуына қарсы күрестегі халықаралық тәжірибе мен инвестиция тартуға, сондай-ақ жайылымдар мен малшылар мәселесін әлемдік күн тәртібіне шығаруға мүмкіндік берді.
Қазіргі таңда біздің елімізде бензин проблема болып жатса, ұзын-сонар кезекке тұратын болсақ, кейбір мемлекеттерде таза ауыз суы үшін кезекке тұрады. Әлемнің 70 пайызы су болғанымен таза ауыз суының қоры аз дегенді мамандар айтып, дабыл қағуда. Қазіргі таңда таза ауыз суының қоры азайған елдерді төмендегідей жіктейді.
Африка: Намибия, Кения, Нигерия, Сенегал, Чад, Мали, Нигер, Ботсвана, Зимбабве, Оңтүстік Африка, Мадагаскар, Уганда, Эсватини. Таяу Шығыс: Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Иран, Ирак, Иордания, Йемен. Орталық және Оңтүстік Азия: Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан. Шығыс Азия: Моңғолия, Қытай. Басқа құрғақ аймақтар: Австралия, Мексика және Латын Америкасының кейбір елдері. COP17 бағдарламасында су тапшылығына арналған арнайы шаралар да болды. Мысалы, «Securing Every Drop» сессиясында қалалардың су тапшылығы, құрғақшылық және жерасты суларының азаюы талқыланды. Ал Water Forward бастамасы 2030 жылға дейін 400 миллион адамды су қауіпсіздігімен қамтамасыз етуді мақсат етеді. UNCCD UNCCD Моңғолияның өзі де бұл мәселеге ерекше назар аударды. COP17 аясындағы құжатта 2030 жылға қарай тұщы суға деген жаһандық сұраныс ұсыныстан 40%-ға дейін асып кетуі мүмкін екені және жердің тозуы мен су тапшылығының өзара тығыз байланысты екені айтылған.
Сонымен COP17 конференциясын ұйымдастыру арқылы еліміз үшін ең әуелі жердің тозуына қатысты әлемнің назары аударылды;
Екіншіде, қаржы енгізгуге мүмкіндіктер туды. Атап айтқанда 45 жоба бойынша, 1,2 млрд АҚШ доллары жұмылдырылды.
Үшіншіде, мал шаруашылығы мен жайылым мәселесі әлемдік күн тәртібіне шықты.
Төртіншіде, Моңғолияның халықаралық беделі артты. Қортындылай айтқанда бұл тарихи оқиға болып тіркелді.