Жасыл автобус жыры
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы елді елеңдеткен «Жасыл автобус» қылмысы бойынша тергеуді аяқтады. «Жасыл автобус» ісі бойынша барлығы 27 адамға айып тағылды. Олардың біреуі Мемлекеттік Ұлы Құрыл депутаты, 18 мемлекеттік қызметкер, 4-і шетелдік азамат және 4 жеке кәсіпорынның лауазымды тұлғасы бар. Іс бойынша келтірілген 134,5 миллиард төгрөге залалдың 58,0 миллиард төгрөгі тергеу барысында өтелді, ал құны 71,7 миллиард теңге болатын 59 жылжымайтын мүлік тәркіленді. «Тенүн Огоо» серіктестігі Улаанбаатар қаласының әкімімен жасаған келісімшарт бойынша «Еуро-5» қозғалтқыштары бар автобустарды жеткізуге келіскенімен тергеу барысында автобустардың келісімшартта көрсетілген техникалық талаптарға сай келмегені анықталды. «Жасыл автобус» деп аталатын іс қазіргі уақытта Жоғарғы Сотта қаралуда.