Моңғолияда “кемелек”ауруы салдарынан 8000-дай ешкі шығындалды
Қазанның 8-і күні аймақтық төтенше комиссия жиын өткізіп, басқа аймақтардан ешкі малын тасымалдамау туралы аймақ әкімінің А/774-өкімі шыққан еді.
Кемелек ауруы жойылып кеткендіктен вакцинасы да «Эм» комбинаты өндірмейтін болған. Ендігі мәселе осы аурудың вакцинасын жасап, 21 аймақтағы ешкі түлігіне егу жұмысы қолға алынуда.
2025 жылғы санақ бойынша Алтай сұмыны 60,521 басты ешкі санатқан. Ал, вакцина егілген ешкі саны 41,074. Тұлба сұмыны 71,529 басты ешкі санатқанымен вакцина егілген ешкі саны – 47,272. Цэнгэл сұмыны 150мыңдай ешкі санатса, вакцинаның 109 мың басты ешкіге еккен. Айырмашылық жер мен көктей. Кей малшылар малын жасырса, кейбірі артық санатқан деген сияқты қайшылықтар шыққанын байқауға болады. Сондықтан биылғы жылы малды дұрыс санату қажет дегенді мамандар ескертуде.